«ҚазАгро» холдингіне жүргізілген аудит қорытындысы шығарылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Есеп комитетінде «ҚазАгро» холдингі мен оның еншілес ұйымдары қызметінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Холдинг есептерінде ұсынылған қызметтің негізгі көрсеткіштері оларды орындау бойынша ішінара немқұрайлы қадамдарды байқатады. Холдингтің ұйымдастырушылық құрылымының жетілдірілмегені көрініс тапқан, қызметтердің қайталануы фактілері анықталды», - деді Есеп комитетінің мүшесі Халида Қамбарова.

Есеп комитетінің мәліметінше, 2007-2018 жылдар аралығына мемекеттік ресурс есебінен агроөнеркәсіп кешенін дамытуға шамамен 1,6 трлн теңге бөлінген.

«Активтерді тиімсіз басқару салдарынан холдингтің компаниялар тобы 2017 жылдың қорытындысы бойынша 126 млрд теңге, 2018 жылы 119,1 млрд теңге сомасына қаржылық шаруашылық қызметін шығынмен аяқтады», - деді ол.

Х. Қамбарованың сөзіне қарағанда, 2017-2018 жылдары қызметінің шығынға ұшыраған кезеңінде холдинг компаниялар топтарына 4,3 млрд теңге мөлшерінде сыйақы төленіп келген.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл мамыр айының соңында Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «ҚазАгро» холдингін сауықтыру бойынша қадамдардың іске асырылу мәселесін көтерді.

Осы орайда екінші деңгейлі банктер ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге несие бермейтіндігі, ал «ҚазАгро» екі жыл бойы шығынмен жұмыс істеп жатқандығы айтылды.

Бегілі болғандай, «ҚазАгро» холдингі» АҚ-ны дамытудың стратегиялық бағдарламасы әзірленіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар