+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

«ҚазАгро» холдингін жедел реформалау керек – Президент

2019 жылғы 15 шілде 14:14
Бөлісіңіз:
«ҚазАгро» холдингін жедел реформалау керек – Президент

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Квазимемлекеттік сектордағы ірі субъектілер қызметінің тиімділігін мұқият бағалайтын кез жетті. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан ТМД қарулы күштерінің бірлескен байланыс жүйесі туралы келісімді ратификациялады Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

«Әрбір ұлттық холдинг немесе ұлттық компания Қазақстан мен оның азаматтарына пайда ғана әкелуі тиіс. Квазимемлекеттік құрылымдардың, ұлттық компаниялардың шығындарын жаман түстей ұмыту керек. Олар шығын емес, тек қана кіріс әкелуі тиіс. Даму институттары дәл осы мақсатта құрылғанын ұмытпайық. Олар экономиканы, инфрақұрылымды, индустрияны дамытуға бағытталған. Бір сөзбен айтқанда, халыққа қызмет етуі тиіс. Құрылымды барынша кеңейту, табысты көбейту мемлекеттік холдингтердің өз қамы болмауы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы «ҚазАгро» холдингіне қатысты шара қабылдауды тапсырды.

«Мұндағы ең үлкен үлес монополистерге тиесілі. Сондықтан, олардың табысы – бизнес пен азаматтардың шығыны. Ең алдымен, ҚазАгроға қатысты түбегейлі шаралар қабылдау керек. Бұл осындай құрылымның икемсіз басқарылғанын көрсетеді», - деп атап өтті Қ. Тоқаев.

Оның айтуынша, 2018 жылы ҚазАгро шығыны 120 млрд теңгеге жеткен.

«Олар қаржыландырған 672 жобаның 270-і немесе 40% тоқтап қалған. Мұнда сұрақ пен пікір орынсыз. Компания жедел түрде үзілді-кесілді реформалануы қажет. Бұл холдингті басқаруға шетелдік мамандарды тарту туралы ойланған жөн. Бұл туралы Үкіметке екі ай мерзімде нақты ұсынымдар енгізуді тапсырамын», - деді Президент.

«Екі айда мәселені түбегейлі шешу керек. Бұл өте ыңғайсыз», - деді Қ. Тоқаев.

Осыған байланысты, Мемлекет басшысы Үкіметке Есеп комитетімен бірлесіп, квазимемлекеттік сектор қызметінің әлеуметтік-экономикалық ықпалын бағалау әдістемесін жасауды тапсырды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT