«ҚазАгро» холдингі 2010 жылы ауыл шаруашылығын дамытуға 250 млрд. теңгеден астам қаржылық қолдауды қамтамасыз етуге дайын

None
None
А. Желтоқсанның  14-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «ҚазАгро» холдингі 2010 жылы ауыл шаруашылығын дамытуға 250 млрд. теңгеден астам  қаржылық қолдауды қамтамасыз етуге дайын. Бұл туралы бүгін агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері бойынша өтіп жатқан республикалық кеңесте «ҚазАгро» холдингінің басқарма төрағасы Асылжан Мамытбеков мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдын ала болжам бойынша, «ҚазАгро» холдингі 2010 жылы ауыл шаруашылығын дамытуға 250 млрд. теңгеден астам сомаға қаржылық қолдау көрсетуге дайын», деді «ҚазАгро» басшысы.

Оның айтуынша, 2010 жылғы көктемгі егіс науқаны қарсаңында «ҚазАгро» холдингі таяу уақытта 2010 жылға арналған агроөнеркәсіптік кешенінің субъектілерін несиелендіру бағдарламасын жүзеге асыруды жариялаған. Осы бағытта көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бойынша шараларды қаржыландыру, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің айналымдағы қаржыларын толықтыру қарастырылып отыр. Бұл мақсаттарға 80 млрд. теңге қарастырылған. Осы қаржы республикалық бюджеттен «ҚазАгро» холдингімен несие түрінде тартылмақ.

Соңғы жаңалықтар