«ҚазАгро» АҚ басқарма басшысының орынбасары ауысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма басшысының орынбасары ауысты, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА.

Қазақстандық қор биржасының сайтында «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Шериязданов Салауат Қалымғазинұлының  өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғаны, осы шешіммен басқарма төрағасының орынбасары Атамқұлов Гүлназ Төреханқызы сайланғаны хабарланады.

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ оның құрылымына кіретін  компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқаруды қамтамасыз ету арқылы Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша мемлекеттік  саясатты іске асырады. Холдинг құрамына   «Азық-түліктік келісімшарттық  корпорация» ҰК,   «КазАгроПродукт» АҚ,   «КазАгроФинанс» АҚ, АО «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ,   «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» АҚ,   «КазАгроГарант» АҚ және  «КазАгроМаркетинг» АҚ кіреді.

Соңғы жаңалықтар