+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Қаза тапқан курсант пен оның өліміне күдікті бір топта оқыған - Петропавл

2017 жылғы 8 қыркүйек 11:59
Бөлісіңіз:
Қаза тапқан курсант пен оның өліміне күдікті бір топта оқыған - Петропавл

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдағы әскери институтта қаза тапқан курсант пен оны өлтірді деген күдікке ілінген жігіт бір топта оқыған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Әскери институттың бастығы Серікхан Әбселемовтің ақпараты бойынша, екеуі де жақсы курсант болған. «Кеше түстен кейінгі жеке уақытта 3-курстың екі курсанты арасында жанжал туындаған. Алған пышақ жарақаты салдарынан курсант Тұрсын қаза тапты. Күдікті оқшаулағышқа қамалды, тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Барлық тергеу іс-шаралары аяқталғаннан кейін сәйкес шара қолданылады. Курсанттар бір топта білім алған. Екеуінің арасында айтарлықтай жанжал болмаған. Екеуі де тек жақсы қырынан көрініп жүрді. Күдікті - спортшы», - деді Серікхан Әбселемов.

Әскери институттың аумағында күшейтілген бақылау енгізілді. Сабақтар кесте бойынша жүргізіліп жатыр.

СҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға фактісі бойынша ҚР ҚК 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Күдікті - 19 жастағы институт курсанты ұсталып, Петропавл қалалық уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Материалдар әскери-тергеу басқармасына берілді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT