Қаза тапқан алматылық полицей өнерге жақын еді...

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы ІІД мерт болған қызметкері туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
Әріптестерінің сөзіне қарағанда, ол өнерге жақын болған.

«Полиция капитаны Жандос Нұрғазиев полицияның қоғамдық өміріне белсене араласатын. Басында ол ІІД хорында ән айтса, кейін «Сақшылар» квартетінде өнер көрсетіп келді. Бірнеше музыкалық аспапта еркін ойнайтын.
null 

В 2001 жылы "Қазақстан - менің Отаным» байқауының, 2015 жылы ҚР ІІМ ұйымдастырған "Мәңгілік ел боламыз" байқауының  лауреаты атанды. Капитан Нұрғазиев бірнеше жыл бойы полицияның имиджін көтеру мақсатында ақпараттық насихат тобын басқарып, бүкіл елді аралап шыққан. Жандостың таланты ОҚО, СҚО, Қызылорда, Жамбыл, Қостанай облыстарындағы ІІО әріптестерін тәнті етті. Оның қазасы барлығымыздың қабырғамызды қайыстырды...», - деді ІІД кадрлық жұмыс басқармасының басшысы Ораз Жолдасов.

Марқұм қызмет еткен бөлімнің басшысы жедел әрекет ету арнайы жасағының командирі Сергей Афанасенько Жандостың табандылығы мен ержүректігін атап өтті.
null 

«Капитан Нұрғазиев өзіне берілген тапсырманы ұқыпты орындайтын. Командамен жұмыс жасауды жақсы білетін. Осындай адамнан айырылу қабырғамызды қайыстырады», - деді С.Афанасенько.

Айта кету керек, қайғылы оқиға кеше болды. Алматыдан шығаберісте полиция қызметкері қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапты. Полицейді Алматы-Қапшағай жолының үшінші шақырымында «Нұра» экопостының жанында қағып кетті. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Полиция капитаны 1986 жылы туған Жандос Нұрғазиев Алматы ІІД жедел әрекет ету жасағында, ішкі істер органында 2009 жылдан бастап аға инспектор болып қызмет етті. Үйленген, екі баласы бар.
null 

Соңғы жаңалықтар