Қаза болған автобус жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қаза болған автобус жүргізушісі жол апатына өзі кінәлі болып шықты. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінде мәлімдеді.

«Кеше Түрксіб ауданында жол апаты болды. Хюндай автобусы жүк көлігімен соғылған болатын. Жол апатына автобус жүргізушісі айыпты болғаны анықталды. Ол жол ережесін өрескел бұзған. Қазір аталған дерек ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімімен сотқа дейінгі бірыңғай тергеу тізіліміне тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - деді қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Айта кету керек, жол апаты кеше Вокзальная көшесінде болған еді. Оңтүстік бағытта қозғалған 104 маршрут автобусы жүк көлігімен бетпе бет соғылған.

Жол апатынан автобустың 4 жолаушысы жараланды. Оларды жедел жəрдем ауруханаға алып кетті. Ал автобус жүргізушісі сол жерде жантəсілім етті. Ауруханаға түскен 5 адамның 2-і амбулаториялық емдеуге жіберілді. Ал, 23 жастағы жігіт ортан жілігі сынып, жансақтау бөлімінде жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы орташа, жарақаты ауыр, сүйек жарықшақтары нерві мен қан тамырларын зақымдаған. Жігіттің аяғынан тұрып кетуіне 1 жылдай уақыт кетуі мүмкін

Тағы 2 адам №4 қалалық аурухананың бөлімшелерінде ем қабылдап жатыр.

Соңғы жаңалықтар