Қайырымдылықпен айналысатын азаматтарға құрметті атақ берілуі мүмкін

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда қайырымдылықпен айналысатын азаматтарға құрметті атақ берілуі мүмкін. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бұйрығы «Ашық НҚА» сайтында ашық талқыға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ оны дамыту мен нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтар мен ұйымдарға беріледі. Лайық адам мен ұйымды Ақпарат және қоғамдық даму министрінің комиссиясы анықтайды. Оның құрамына қоғам қайраткерлері, қайырымдылық саласындағы уәкілетті және мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері кіреді. Комиссияға құрметті атақ алуға үміткерлер мүше бола алмайды», - делінген қаулыда.

Құрметті атақ беріледі:

- қайырымдылықпен айналысатын субъектілерге;

- қайырымдылық жасаушыларға;

- волонтерлерге.

Құжатқа сәйкес, құрметті атақ табыстау салтанатын 5 қыркүйек - Халықаралық қайырымдылық күніне орай ұйымдастыру жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар