Қайырымдылық шарасынан түскен ақша науқас балалар еміне жұмсалады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының іскер әйелдер қауымдастығының ұйытқы болуымен «Бала арманы» атты 3-ші қайырымдылық балы ұйымдастырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Көкшетаудағы «Аристократ» мейрамханасында өткен шараға «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов, мемлекеттік органдар, бизнес құрылымдар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен депутаттар қатысты.

Қайырымды жандардың басын қосқан шараның негізгі мақсаты көмекке мұқтаж жандарға қоғамның назарын аударту, өмірде қиын жағдайда қалған балаларға қол ұшын беру болып табылады. Сонымен қатар, қайырымдылық балына облысымыздың Көкшетау, Степногорск қалалары мен бірқатар аудандарынан арнайы шақырылған делегаттар да бұл күні игілікті істен аянып қалмады. Мұқтажға көмектесуге қашанда әзір екендіктерін жеткізіп, ортаға мүмкіндігі шектеулі балаларға ақшалай көмек беру үшін әдейілеп қойылған «жақсылық себетіне» қаржы салды.

Ақмола облысының іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Дәмелі Қойшинаның  айтуына қарағанда, қайырымдылық шарасынан түскен ақша сал ауруымен науқастанған балаларға мидың биоакустикалық коррекциясы аппаратын сатып алуға  жұмсалмақ.

Бұл күні ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың,  мүгедектердің қолымен жасалған қолөнер туындыларына көпшілік зор қызығушылық танытып, көрмеден ұнаған заттарын сатып алып жатты. Бұл да қамқорлыққа мұқтаж балаларға деген өзіндік бір қолдау болды. 

Соңғы жаңалықтар