Қайырымдылық мақсатта жасалған мобильді аударымдар кәсіпкерлік табысқа жатпайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттік қызметтер департаменті мемлеттік қызметтер басқармасының басшысы Владлен Балан қайырымдылық мақсатпен жасалған мобильді ақша аударымдарына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Негізі қайырымдылық мақсаттағы аударымдар арнайы шоттар арқылы өтуі керек. Егер қайырымдылық қор ақша жинап жатқан болса заңды тұлғаның атына шот ашу керек. Ақша сонда түсуі керек», - деді Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы.

Оның айтуынша, қиындыққа тап болған ата-ана баласының еміне ақша жинаса немесе табиғи апат салдарынан үйсіз қалған адам жеке тұлға ретінде ашқан банк шотына қайырымдылық аударымдар қабылдаған болса, тексеурге жататын өлшемшартқа енуі мүмкін.

Бірақ тексеру кезінде банк өкілдеріне немесе кейін салық органдарына мән-жайды түсіндіріп, кәсіпкерлік қызметтен кіріс табу емес екенін дәлелдеуіне мүмкіндік бар.

«Науқасқа ақша жинаған болса, медициналық құжаттары болады. Ал үйсіз қалған болса, ол туралы да акт жасауға болады. Ақшаның емделуге немесе басына түскен қиындықтың салдарын жоюға жұмсалғанын түбіртектер арқылы дәлелдеуге де болады. Сондықтан бұл тұрғыда мәселе туындамауы керек», - деді Владлен Балан.

Комитет өкілі түрлі курстар мен онлайн сабақтар өткізіп, ақысын мобильді аударымдар арқылы жинайтын блогерлердің қашан бақылауға алынатынын айтты.

«Блогер өз қызметін жайдан-жай іске асырып жүрген жоқ. Іс жүсізнде олар кәсіпкерлікқызметпен айналсып жүр. Сондықтан олар даөзгекәсіпкерлер сияқты кәсіпкер ретінде тіркелуі керек. Егер кәсіпкер ретінде тіркелместен мобильді аударым арқыы төлем қабылдап келсе, қызметін заңды жолмен скеасыруға көшікерек. Яғни, кәсіпкер ретінде тіркеліп, тиісті салығын төлеуі қажет. Қазір бізде кәсіпкерлікпен тіркелмей айналысқаны үшін әуелі ескерту жасалады. Соған қарамастан тіркелмеген күйі кәсіпкерлікпен жүйелі түрдеайналысса, салық тқлеп, тікерулге ынталандыратын шараларды қабылдаймыз», - деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, кәсіпкерлер мен заңдытұлғалардың басшыларына, құрылтайшыларына, олардың жұбайларына тиесілі банк шоттары мобильді аударымдар бойынша 2024 жылдан бастап бақылауға алынады .


Соңғы жаңалықтар