Қайырымдылық қоры Арал ауданында қуаңшылықтан зардап шеккендерге қаржы бөлді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Болат Өтемұратов қоры Қызылорда облысы Арал ауданында қуаңшылықтан зардап шеккендерге 200 млн теңгеден астам қаржы бөлетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде аталған қордың баспасөз қызметі мәлім етті. Қаражат «Аралым -Айдын шалқарым» қоғамдық қорына беріледі.

Сол арқылы зардап шеккен халықтың алғашқы кезектегі мұқтаждығына бөлінеді.

Өңірде ұзаққа созылған қуаңшылықтың салдарынан малдың суға қолжетімділігі және жем-шөппен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып тұр.

Қазіргі уақытта ауданда 500-ден астам мал басының өлімі тіркелген. Қазір ауданда төтенше жағдай жарияланды.

Болат Өтемұратов қорынан көмек ретінде Арал ауданының аз қамтылған 800 отбасы 900 тонна құрама жем алуына мүмкіндігі бар.

Бұл жемшөп 2021 жылғы қарашадан 2022 жылғы мамырға дейінгі кезеңге жетеді.

Мал басын сақтау және жайылымдарды суландыру үшін өңірде жаңа су ұңғымалары қажет.

Сондай-ақ каналдарды тазалау және су қондырғыларын жөндеу талап етіледі. Сырдария өзенінде «Аманөткел елді мекені ауданында «Аспай» су құбыры қалпына келтіріледі.

Бұл су деңгейін көтеруге және Қамысты-Ақшатау көл жүйелерін толтыруға мүмкіндік береді.

Ұңғымалар бұрғыланады, оның ішінде қазіргі уақытта ауыз суы жоқ шалғай Беларан ауылдық округіндегі тұрғындар 35 шақырым қашықтықта орналасқан құдықты пайдаланады.

«Бұдан басқа, ауылдық округтердегі селолық тұтыну кооперативтерінің тракторлар, шөп шабатын орындар, соқалар, жемшөп базасын дайындау үшін пресс-жинақтағыштар сатып алады. Алыс жайылымдарда мал суаруды қамтамасыз ету үшін су тасығыштар, жайылымдық және шабындық жерлерді суландыру үшін дизель сорғылары сатып алынады», - деп жазылған хабарламада.

Қаражаттың жұмсалуын және жемшөптің бөлінуін жұртшылық өкілдерінен құралған арнайы комиссия бақылайды.


Соңғы жаңалықтар