Қайырымдылық қорларға қаржы түсуін және оның жұмсалуының ашық болуын қамтамасыз ету қажет -Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қайырымдылық қорларға қаржы түсуінің және оның әрі қарай жұмсалуының ашық болуын қамтамасыз ету қажет. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қайырымдылық, волонтерлік ұйымдардың және бизнес-сектордың өкілдерімен кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қайырымдылық қорларға қаржы түсуінің және оның әрі қарай жұмсалуының ашық болуын қамтамасыз ету қажет. Бұл бағытта күңгірттікке жол бермеу керек. Қазір қайырымдылық жасайтын азаматтар мен көмек алушылардың реестрін құру бастамасы іске асырылуда. Бұл міндеттің барынша нақты орындалуына мүмкіндік жасаған жөн. Қайырымдылық жобалар арқылы өтетін барлық қаржының жұмсалуына ақпараттық және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету қажет», – деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар