+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Қайырымды жандар көпбалалы отбасыларға баспана сыйлады

2019 жылғы 1 желтоқсан 23:59
Бөлісіңіз:
Қайырымды жандар көпбалалы отбасыларға баспана сыйлады

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Тұңғыш Президент күнін Алматы облысының Текелі қаласындағы 12 отбасы жаңа баспанада қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында 22 мыңға жуық агрошаруашылық жұмыс істейді Алматы облысында ауылдағы 18 отбасы үйлі болды Семейде балалар үйінің түлектері мен көпбалалы отбасылар баспана алды

Аз қамтылған және көпбалалы 10 жанұя коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алды. Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев баспана кілттерін салтанатты түрде табыс етті.

Сондай-ақ Текелі қаласының екі отбасына меценаттар баспана сыйлады. «Дәулет серпін» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің арқасында 7 баланы тәрбиелеп отырған Майгүл Жұбатхан Тұңғыш Президент күнін бес бөлмелі жер үйде қарсы алды.


Сондай-ақ осындай қуанышқа алты баланы тәрбиелеп отырған Ержан Ғалымның да отбасы кенелді. Баспана тауқыметін тартқан жанұяға мұндай қуанышты Алматы облыстық Мәдениет басқармасы мен облыстық газет редакторлары сыйлады. Жанұя енді екі бөлмелі пәтерде тұратын болады.

Айта кетейік, бұған дейін Тұңғыш Президент күніне орай Алматы облысының Алакөл, Көксу, Кербұлақ аудандарында да жаңа баспана кілттері тапсырылған болатын.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT