+7 (701) 759 90 19
USD 375.91 EUR 416.85
RUB 6.10 CNY 54.77
Jańalyqtar

«Қайырымды қала»: Шымкентте 100 отбасыға көмек көрсетілді

2019 жылғы 15 желтоқсан 15:58
Бөлісіңіз:
«Қайырымды қала»: Шымкентте 100 отбасыға көмек көрсетілді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте Тәуелсіздік күні мерекесіне орай игі істер жалғасуда. Бүгін «Шымкент – қайырымды қала» акциясы аясында орталық «Ақ мешіт» мешітінде 100 отбасыға азық-түлік үлестірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімі Ерлан Айтахановтың тапсырмасына сәйкес және Абай ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен әлеуметтік қолдауға мұқтаж жанұяларға көмектер берілді. Қала әкімінің орынбасары Бұхарбай Парманов пен Абай ауданының әкімі Ғалымжан Төлепов тұрғындарды ұлық мерекемен құттықтап, ізгі ниеттерін жеткізді.

Қайырымдылық шаралары мұнымен шектелмейтінін, қоғамдағы әлсіз топ мүшелері қашан да қамқорлықтан тыс қалмайтынын атап өтті. Әлеуметтік тұрмысы төмен жанұяларға көрсетілетін қолдаулар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді. Өз кезегінде көмек алған отбасы мүшелері осы шараны ұйымдастырған қала басшылары мен демеуші азаматтарға шексіз алғыстарын білдірді.



Айта кетейік, бұған дейін «Шымкент – қайырымды қала» акциясы аясында Қаратау ауданында тұратын 70 отбасыға көмек көрсетілген болатын. Қаратау аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен және Шымкент қалалық Nur Otan партиясының қолдауымен өткен шараға жергілікті кәсіпкерлер белсенді атсалысып, тұрмысы төмен отбасыларға 4 миллион теңгенің азық-түлігі және тұрмысқа қажетті заттары таратылған болатын. Сондай-ақ, іскер азаматтар «Қайнарбұлақ» саяжайында өртеніп кеткен 3 үйдің шатырын жауып беріп, аудан аумағындағы мектептерге қайырымдылыққа құны бір миллион теңгеден асатын заттарды табыстаған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT