«Қайырымды істер марафоны» жалпыхалықтық сипат алған үлгілі іс-шара болды – Аида Балаева

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – «Қайырымды істер марафоны» жалпыхалықтық сипат алған үлгілі іс-шара болды. Бұл туралы «Жомарт жүрек» сыйлығы лауреаттарын марапаттау салтанатты шарасында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл басында Тәуелсіздіктің 30-жылдығын мерекелеу маусымын ашып берген жалпыұлттық «Қайырымды істер марафоны» бүгін өз мәресіне жетті. Өздеріңіз білесіздер, бұл бастама – ел Президентінің ұсынысымен жалпыхалықтық сипат алған үлкен де үлгілі іс-шара болды. Сондықтан да, бүгін Мемлекет басшысы осы бастамаға атсалысқан барша азаматтарға өзінің ыстық лебізін жолдады», - деп атап өтті министр.

Аида Балаева ел Президенті осы «Қайырымды істер марафоны» аясында мұқтаждарға көмек қолын созып, айналасын жақсылыққа бөлеген жомарт жандарды ерекше атап өткендігін айтты.

«Ол да болса, халқымыздың ежелден «қайырлы іс жасауды» ізгіліктің белгісіне балап, ішкі береке-бірлікті биік қойған даналығы. Жоба басталғаннан бизнес қауымдастық, азаматтық сектор, жекелеген белсенді азаматтар тарапынан қолдау тауып, барлық өңірде жақсылық жасауға шақырған іс-шаралар ұйымдастырылды. Мұның өзі - қоғамның әлеуметтік-маңызды мәселелерін шешуде мемлекет пен жеке сектордың өзара әріптестікте, бірігіп әрекет ете алатынының дәлелі»,- деді ол.


Соңғы жаңалықтар