«Қайырымды істер марафоны»: ШҚО-да 24 мыңнан астам адамға көмек көрсетілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында 24 мыңнан астам адамға көмек көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстан «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасын іске асыру бойынша басқа өңірлер арасында үздік үштікке еніп отыр.

«Облыс еріктілері 3 мыңға жуық әлеуметтік және қайырымдылық акцияларын ұйымдастырды. Соның нәтижесінде, 24 мыңнан астам адамға түрлі көмек көрсетілген. Жалпы, өткен жылдың басынан бері 6195 шара ұйымдастырылды. Оның ішінде халықаралық және республикалық деңгейдегі іс-шаралар бар», - делінген ШҚО Ақпарат орталығының хабарламасында.

Жастарды қолдау бойынша да кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Басты бағыт – жастарды жұмыспен қамту.

«Бүгінде мемлекет азаматтық қоғамды қолдауға және нығайтуға ерекше көңіл бөлуде. Мемлекеттік органдардың барлық ресурстары әлеуметтік міндеттерді шешуге және тиімді экономикасы мен қазіргі заманғы инфрақұрылымы бар өңірде өмір сүру үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған», - делінген мәліметте.


Соңғы жаңалықтар