Қайырбек Өскенбаев қалалардағы бейберекет құрылысты қалай реттейтінін айтты

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат –Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев қалалардағы ығы-жығы құрылысты қалай ретке келтіруге болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда қалаларда құрылысты бір-біріне қабаттастырып, бейберекет салу мәселесіне жұртшылық тарапынан шағым көп. Бұған қазірден бастап қандай шара қабылдауға болады?»,- деп сұрады Үкімет басшысы Әлихан Смайылов.

Министрдің айтуынша бұл мәселені «Мемқалақұрылыскадастры» РМК мекемесінің әлеуетін пайдалану арқылы реттеуге болады.

«Заңның өзгерістері қазір келіп жатыр. Бірақ қазірдің өзінде «Мемқалақұрылыскадастры» арқылы жиналған материал бойынша әкімшіліктердің оң шешімін қабылдауға мүмкіндік бар. Қандай инфрақұрылым бар, жер тапшылығы бар ма, ұқсас объектілер бар ма, соны түгел «Мемқалақұрылыскадастры» бойынша көруге болады. Содан кейін барып қазірдің өзінде дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік бар», - деді Қайырбек Өскенбаев.


Соңғы жаңалықтар