Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Қайырбек Өскенбаев еліміздегі ең жақсы жолдарды атады

2022 жылғы 17 маусым 14:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстан аумағында қай автожолдардың сапасы жақсы екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәжілістегі парламенттік тыңдаудан кейін тілшілер министрден Қазақстандағы ең нашар және сапасы жоғары жолдар туралы сұрады.

«Нұр-Сұлтан – Бурабай, Нұр-Сұлтан – Қарағанды ең жақсы автокөлік жолдарының бірі екенін өздеріңіз білесіздер», - деді Қайырбек Өскенбаев.

Министр жақын арада Нұр-Сұлтан – Павлодар жолында құрылысы жүріп жатқан учаскенің құрылыс жұмыстары аяқталатынын атап өтті.

«Бұл учаскедегі құрылыс жұмыстарын аяқтағаннан кейін, осы жол да заманауи талаптарға сай келетін болады», - деді ведомство басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қ.Өскенбаев көлік алуға жеңілдетілген пайызбен несие беру бағдарламасы аясында банктер 75 млрд теңге сомасына өтінімдерді мақұлдағанын айтты.


Автор:

Руслан Ғаббасов

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары