Қайыр сұраумен айналысқан Атырау тұрғыны қамауға алынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Қайыршылықпен айналысқан атыраулық қамаққа алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК 449-бабының 2-бөлігі («Қоғамдық орындарда тиісу») бойынша әкімшілік іс қаралды.

«Құқық бұзушы Ж. өзіне әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап, яғни 2019 жылдың 8 наурызында сағат 10.30 шамасында Атырау қаласы Сәтпаев көшесінде орналасқан «Иманғали» мешітінің алдында жолаушыларға тиісіп, қайыршылықпен айналысқан», деп хабарлады Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметінен.

Айта кетелік, сот Ж-ны әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған әкімшілік жаза ретінде 1 тәулікке қамаққа алу жазасын тағайындады.

Соңғы жаңалықтар