Қайыр сұрап жүрген 8 бала арнайы орталыққа апарылды - Ақтөбе

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбенің Хромтау және Қандыағаш қалаларында қайыр сұрап жүрген жасөспірімдер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау мақсатында өңірде «Қайыршы» жедел алдын алу шарасы өтті. Полиция қызметкерлері білім және әлеуметтік қорғау органдарымен бірлесіп көше аралады. Акцияға 376 полиция қызметкері қатысты. Олар базар, вокзал, мешіттерді, сауда үйлерін тексерді. Нәтижесінде көшеде бос жүрген 8 бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

«Хромтау және Қандыағаш қаласында қайыр садақа сұраған 4 факті анықталды. Қайыршылық фактісі бойынша заңды өкілдерге қатысты материалдар жиналып, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберілді. Ата-аналары ӘҚБтК-нің 449 бабы (қоғамдық орындарда ұстау, сұрау салғаны үшін) және ӘҚБтК-нің 127 бабы (тәрбиелеу және білім беру міндеттемелерінің орындалмауы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Соңғы жаңалықтар