Қайтыс болған Ақтау тұрғынының қаржысы мемлекет пайдасына жұмсалатын болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау қаласының №2 соты прокуратураның арызы бойынша қайтыс болған Ақтау қаласының тұрғынының мүлігін иесіз деп тауып, оны мемлекет пайдасына жұмсау туралы азаматты істі қарады, деп жазады tumba.kz.

«Сот 2012 жылдың 12 сәуірі күні қайтыс болған В.З атты азаматтың «Қапошта» АҚ-да - 24 мың 433, ал «Delta Bank» АҚ-да 275 мың 100 теңгесі қалғандығын анықтады. Ол өзінің артына мұра етіп ешкімге ештеңе қалдырмаған. Оның үстіне марқұмның туыстары да жоқ болып шықты. Ер азамат 2006 жылдың 22 желтоқсанынан бері Маңғыстау жүйке неврологиялық интернат-үйінде болған»,-деп хабарлады №2 қалалық сотың баспасөз қызметі.

ҚР Азаматтық кодексінің 1083 бабына сәйкес сот шешімімен прокуратураның арызы қанағаттандырылды. Жалпы құны 299 мың 533 теңге иесіз деп танылып, мемлекеттің игілігіне берілді.

Сот шешімі күшіне енбеген.

Соңғы жаңалықтар