Қайта жаңартылған «Қордай» өткізу пункті ашылды

None
None
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Қырғызстан үкіметі басшылары, сондай-ақ екі елдің Шекара қызметі басшылығының қатысуымен қайта жаңартылған «Қордай» өткізу пунктінің ресми ашылуы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Д. Ділманов делегацияға жаңа жабдықтармен жабдықталған өткізу пунктін таныстырды. Ол мемлекеттік шекара арқылы қолайлы және сапалы өту үшін барлық жағдай жасалып жатқанын атап өтті. Өткізу пунктінің іргелес аумағында азаматтар қозғалысының бағытында жеке галереялар, ана мен бала бөлмесі қарастырылған, қол жүгін жылдам тексеруге арналған рентген-теледидар аппараттары және автокөлікке арналған инспекциялық-тексеру кешендері орнатылған. Осының барлығы адам көп өткен кезде жолаушылар ағыны мен автокөліктің жиналу факторын азайтуға және өткізу мүмкіндігін арттыруға, сондай-ақ ықтимал заңсыз әкелу мен әкету әрекеттерін сенімді анықтауға ықпал етеді.

Еске сала кетсек, Қазақстан азаматтары карантин шектеуі кезінде бекітілген Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібіне сәйкес кез келген мақсатта 30 күнде 1 рет шектес мемлекетке шыға алады.




Соңғы жаңалықтар