Қайта сақтандырушылар мен тәуекел-менеджерлердің теріс факторлардың әсерін елеусіз етуге күші жетеді - Борис Уманов

None
None
АЛМАТЫ. 14 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Жапондық тәжірибе қаржылық тәуекелдерді басқаруда мемлекет пен жекенің серіктестігінің қажеттілігі мен құндылығын көрнекті түрде көрсетіп отыр.

Оны «Еуразия» сақтандыру компаниясы» АҚ-ның Басқарма төрағасы Борис Уманов бүгін Алматыда өтіп жатқан 7-ші Халықаралық тәуекел-менеджменті конференциясында айтты.

«Қайта сақтандырушылар мен тәуекел-менеджерлері бүкілғаламдық проблемаларды бір сәтте шеше алмайды. Алайда олардың экономикаға, халыққа және мемлекетке түрлі теріс факторлардың әсерін елеусіз етуге күші жетеді. Бұған келтірер мысал да бар. Жапониядағы жан түршіктірер зілзала мен цунамиден кейін айдан аса уақыт өтті. Онда орын алған апаттың салдарларын ең төменгі деңгейге түсіруде теңдессіз шаралардың қолданылғанын атап көрсеткім келеді. Жапонияда құтқарушы рөлді ғимараттар мен инфрақұрылымдық құрылыстардың салыну сапасы, жерасты дүмпулеріндегі әрекет ережелеріне бала кезден үйретілген тұрғындардың дағдылары, апаттық және құтқару қызметтерінің жолға қойылған жұмысы атқарды», - дейді Борис Уманов.

Оның пайымдауынша, әлем елдерінің басым бөлігінде қуаты осыған ұқсас зілзала бола қалса, оның құрбанына айналатын адамдар саны әлдеқайда көп боларын өкінішпен айтуға болады. Гаитидегі зілзала нәтижесінде 220 мыңнан астам адамның опат болуы - осының қасіретті дәлелі. Жапондық тәжірибе қаржылық тәуекелдерді басқаруда мемлекетпен бірлескен бастамалар табиғи апаттарды жеңіп шығуға мүмкіндік беретін мемлекет пен жекенің серіктестігінің қажеттілігі мен құндылығын айқын көрсетіп отыр.

Соңғы жаңалықтар