«Қайсардың» қақпашысы рекорд жаңартты

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорданың «Қайсар» командасы сырт алаңда Павлодардың «Ертіс» клубын 1:0 есебімен тізе бүктірді. Бұл қызылордалық фтболшылардың бес турдан кейін қол жеткізіп отырған жеңісі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш ойында команда капитаны Думан Нәрзілдаев 90-минутта жеңіс добын соқты. Сондай-ақ, «Қайсардың» қақпашысы Марсель Исламқұлов рекордын жаңарта түсті. Ол 7 ойын бойы өз қақпасын голдан аман сақтап келеді. Ол шамамен 720 минутқа жуықтайды.

Қызылордалықтар соңғы рет 9 мамырда өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» 3:0 есебімен жеңген еді. Содан бері олар 5 ойын өткізіп, оның төртеуінде 0:0 есебімен тең ойнап, біреуінде «Астана» командасынан 0:2 есебімен жеңіліс тапты.

Бұл жеңіс Қызылорда командасынан ауадай қажет еді. Биыл «Қайсар» алдына үздік бестікті болу міндетін қойған болатын. Дегенмен әзірге соңғы орындарда келеді.

Келесі турда «Қайсар» өз алаңында Алматының «Қайрат» командасын қабылдайды. Бұл ойын 1 шілде күні өтеді. 

Соңғы жаңалықтар