Қайсар Жаңаханов 141 млн теңге айыппұл төлейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қайсар Жаңаханов бірнеше мәрте пара алған деп танылып, оған 141 миллионнан астам теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл жайында Астана қалалық сотының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, бүгін Астана қаласы, Байқоңыр аудандық №2 сотының үкімімен Қайсар Жаңаханов алдын ала ымыраласқан топпен бірнеше мәрте пара алу қылмысына кінәлі деп танылған.

Соған орай оған соңғы жаза ретінде 141 663 610 теңге айыппұл тағайындалды. Сонымен қатар ол өмір бойы мемлекеттік қызметте, сотта, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, ҚР Ұлттық банкінде және оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталында 50 пайыздан астам мемлекет үлесі бар ұйымдарда, оның ішінде басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, акционері мемлекет болып есептелінетін ұлттық даму итституттарында, олардың еншілес ұйымдарында қызмет атқара алмайды.

Дәл осы үкіммен Арман Садуақасов та алдын ала ымыраласқан топпен бірнеше мәрте пара алуға делдал болу қылмысына кінәлі деп танылды. Ол 57 250 000 теңге айыппұл төлейді. Мұнан бөлек, оған да Қ.Жаңаханов сияқты мемлекеттік қызметтерді атқаруға тыйым салынады.

«Қылмыстық Кодекстің 49 бабы, 2 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентіне Қ.Жаңахановты «Құрмет» ордені, А.Садуақасовты «Қазақстан Республикасының құрмет грамотасы» мемлекеттік наградаларынан айыру туралы ұсыныс енгізілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген таратылған ақпаратта.


Фото: assembly.kz

Соңғы жаңалықтар