«Қайсар» үш ойын қатарынан гол соға алмай жүр

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорданың «Қайсары» Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны барысында «Царско Село» командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш команда 2007 жылы «София» атауымен құрылған. Бүгінге дейін Болгарияның жоғары лигасында ойын көрсетіп көрген жоқ. Былтыр екінші лигада үшінші орын алған. Биыл екінші лигада көш бастап келеді. Команда бапкері - Николай Спасов былтыр Петропавлдың «Қызылжар» клубына бапкерлік етті.

Бүгінгі кездесуде бірінші кезеңде «Қайсар» командасының құрамында Марсель Исламқұлов қақпада тұрды. Қорғаныс шебінде Абдель Азиз Ламанж, Иван Садовничий, Александр Марочкин, Ілияс Әмірсейітов шықса, жартылай қорғаныста Асхат Тағыберген, Марк Гурман, Тигран Барсегян, Джон Джошуа, Думан Нәрзілдаев бой көрсетті. Шабуылда Игорь Зенькович орнласты.

Екі команда арасындағы кездесу тартысты өрбіді. Әйткенмен, доп алаң ортасында көбірек жүрді. Қос ұжым да гол соғатын мүмкіндік іздеген еді. Десе де, ойлағандары жүзеге аспай жатты.

Екінші кезеңде қақпашыдан өзге ойыншылар алмасты. Қорғаныс шебі Марин Оршулич, Валентин Чуреев, Олжас Алтаев, Иван Графқа сеніп тапсырылды. Жартылай қорғаныста Бекзат Құрманбекұлы, Мақсат Байжанов, Марат Хайруллин, Карлос Оливейра, Куло Мбомбо бой көрсетсе, шабуылға Братислав Пуношевац шықты.

Бұл кезеңде де екі команда ойыншылары бір-бірінің қателіктерін іздеуге тырысты. Ойын тағдырын шешкен жалғыз гол 73-минутта соғылды. Өкінішке қарай, бұл гол болгар командасының еншісіне жазылды. «Қайсар» осылайша «Царско Село» клубына 0:1 есебімен жол берді. Қызылордалық клуб үш ойын қатарынан гол соға алмай келеді.

«Қайсар» бүгін тағы бір жолдастық кездесу өткізеді. Бұл жолы Грузияның ВИТ-«Джорджия» командасымен шеберлік байқасады. Ойын Астана уақытымен 20.00-де басталады.

«Қайсар» бұдан бұрын Украинаның «Десна» және Ресейдің «Крылья Советов» командаларынан жеңіліп қалған еді.

Соңғы жаңалықтар