USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

«Қайсар» Түркияға оқу-жаттығу жиынына аттанады

2020 жылғы 1 қаңтар 22:30
Бөлісіңіз:
«Қайсар» Түркияға оқу-жаттығу жиынына аттанады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорданың «Қайсар» командасы бүгін алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізу мақсатында Түркияға аттанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бүгін футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионаты жалауын көтереді «Ақсу» футбол командасына жаңа бапкер тағайындалды Футболдан «Тұран» командасына бас бапкер тағайындалды

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті. Оқу-жаттығу жиыны Түркияның Анталия қаласында өткізіледі. Қызылордалық клуб 3-23 қаңтар аралығында Анталияда екі жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Әзірге қарсыластар анықталуда.

«Қайсар» командасы әзірге кеткен және жаңа ойыншылар жөнінде ешқандай мәлімет берген жоқ. Дегенмен ақпарат көздерінде Джон Джошуа, Тигран Барсегян сынды футболшылар өзге клубтарға ауысатыны жөнінде хабарлады. Ал қорғаушы Александр Марочкин енді Қостанайдың «Тобыл» командасының намысын қорғайтыны белгілі болып отыр.

2019 жылы «Қайсар» Қазақстан кубогына қол жеткізді. Нәтижесінде биыл тұсаукесер ойынын Еуропа лигасы екінші кезеңінен бастайды. Сондықтан алдағы маусымға дайындықты тяинақты жүргізуді көздеп отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT