Қайсар рухты қырандар: Қаза тапқан шекарашылар туралы естелік-кітап шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы ҚР ҰҚК Шекара қызметі Академиясында осыдан 2 жыл бұрын әуе апатынан қаза болған 27 шекарашы туралы естелік-кітаптың тұсаукесері өтті.

625 беттік жаңа кітап кенеттен жазым болған боздақтардың өмірі мен қызметі туралы естеліктерінен құралған. Кітапты жазып шығуға 2-3 ай уақыт жұмсалған. Оны шығаруға мұрындық болған полковник Тұрғамбек Стамбековтың жары Сәуле Айтмұхаметованың анасы Фатима Шыңғысова жаңа кітаптың қаза болған боздақтар мен артында қалған жақындарының арасындағы алтын дәнекер боларына күмән келтірмейді. «Мұндай кітап өсіп келе жатқан отан қорғаушылардың патриоттық сезімін қалыптастыруда үлкен рөл атқарып, оларға үлгі-өнеге болары рас. Маған өте оңай болмады. Екі баламнан айрылдым. Солардың рухы үшін кітапты жазып шығуға тура келді», - деді Фатима Шыңғысова. Айта кетейік, осыдан 3-4 ай бұрын Сәуленің әкесі Айтмұхаммед дүние салса, одан кейін бір аптаның ішінде Тұрғанбектің әкесі Мұхаммед қария көз жұмды. «Әуе апатынан қазақ болған бауырларымыз көз алдымызда бірге жүрген, «сен тұр, мен атайын» деген аптал азаматтар еді. Олардың қазасына тек шекара қызметі емес, бүкіл қазақ елі аза тұтып еді. 2013 жылы апаттың 1 жылдығы қарсаңында да Фатима апайымыз 375 беттік естелік-кітап шығарған болатын. Одан кейін оқырмандардан көптеген ұсыныстар түсіп, кітап қайта басылып шықты. Ал қазіргі нұсқасы 625 бет, яғни кішігірім энциклопедия болып шықты. Екі баласынан айрылып отырып кітап шығару ерлік дер едім», - деді ҰҚК Шекара қызметінің запастағы полковнигі Сағидолла Сиқымбайұлы. Кітап Шымкент қаласындағы «Тоғанай Т» баспасында басылып шықты. Естеріңізге сала кетейік, осыдан 2 жыл бұрын Шымкент қаласы маңында «Ан-2» ұшағы құлап, сол кездегі ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының міндетін атқарушы Тұрғанбек Стамбеков пен оның жары, және тағы 25 шекарашы қаза болған еді.

Соңғы жаңалықтар