Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.62 EUR 426.03
RUB 5.67 CNY 55.78
Jańalyqtar

«Қайсар» ресейлік «Балтикадан» жеңіліп қалды

2019 жылғы 7 ақпан 00:01 795
Бөлісіңіз:
 «Қайсар» ресейлік «Балтикадан» жеңіліп қалды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорданың «Қайсары» бүгін Түркияда жолдастық кездесу өткізді. Бұл жолы олар Ресейдің Калининград қаласының «Балтика» командасымен шеберлік байқасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Аталмыш кездесуде қызылордалық клубтың бас бапкері Стойчо Младенов бірінші кезеңде қақпашы Марсель Исламқұлов, қорғаушылар - Ілияс Әмірсейітов, Иван Граф, Иван Садовничий, Олжас Алтаев, жартылай қорғаушылар - Думан Нәрзілдаев, Марк Гурман, Асхат Тағыберген, шабуылшылар - Тигран Барсегян, Джон Джошуа, Игорь Зеньковичті шығарды.

Бірінші кезеңде ресейлік команда гол соқты (Илья Кузьмичев). Екі команда тарапынан да есепті өзгертетін сәттер болған еді. Дегенмен, оны тиімді пайдалана алмады.

Екінші кезеңде «Қайсар» құрамында өзгерістер орын алды.  Енді қақпаға Александр Григоренко иелік етсе, қорғаныс шебіне Абдель Ламанж, Иван Граф, Марин Оршулич, Валентин Чуреев  жауап берді. Ал жартылай қорғаныста Бекзат Құрманбекұлы, Мақсат Байжанов, Куле Мбомбо, Марат Хайруллин, Карлитос бой көрсетсе, шабуылға Братислав Пуношевац шықты. Бұл кезеңде қызылордалық футболшылар таразы басын теңестірді. Одан кейін есепті ұлғайтуға шамасы келген жоқ. Есесіне 81-минутта өз айып алаңында тәртіп бұзды. Оны «Балтика» сапынан Игорь Портнягин мүлтіксіз орындады. Осылайша «Қайсар» бүгінгі қарсыласынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Бұдан бұрын қызылордалық команда Ресейдің «Нижний Новгород» клубынан 2:0 есебімен басым түскен еді.

«Қайсар» енді Түркияда өтіп жатқан екінші оқу-жаттығу жиыны барысында бес ойын өткізеді. Алдымен 9 ақпанда Украинаның «Десна», 12 ақпанда Ресейдің «Крылья Советов» (Самара), 15 ақпанда Болгарияның «Царско Село» және Грузияның «Вит» командаларымен кездеседі. Сондай-ақ, 18 ақпанда Грузияның «Сабуртало», 21 ақпанда Түрікменстанның «Алтын Асыр»  командаларымен шеберлік байқасады. Команда 22 ақпанға дейін Түркияда жаңа маусымға әзірлігін жүргізеді.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT