«Қайсар» құрамын конголық футболшы толықтырды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорданың «Қайсар» футбол командасы бір жаңа ойыншымен толықты. Биыл «Қайсардың» құрамында конголық Куле Мбомбо доп тебетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1995 жылдың 10 мамырында дүниеге келген Куле Мбомбо Африканың Конго елінде дүниеге келген. Сол елдің азаматтығын алған. Соңғы жылдарда Бельгияда өмір сүрген. Футболдағы алғашқы кәсіби мансабын 2015 жылы Бельгияның про-лигасында ойын көрсететін «Андерлехт» командасында бастаған. 2017 жылы Словенияның «Тренчин» командасында доп тепті. Былтыр қайтадан Бельгияға оралып, футболдан сол ел біріншілігінің екінші дивизионындағы «Берсхот Вилрейк» клубының намысын қорғады.

Бүгінгі таңда «Қайсар» командасы Түркия елінде алдағы футбол маусымына дайындығын өткізіп жатыр. Оқу-жаттығы жиынынын алғашқы күндері клуб басшылығы жартылай қорғаушы Марат Хайруллин, қорғаушы Иван Садовничий келісім шартқа отырды. Сондай-ақ, былтырғы жылы ойын көрсеткен 15 футболшымен келісім-шарт мерзімін ұзартты. Одан кейін команда құрамына хорватиялық қорғаушы Марин Оршулич қосылды. Аруба құрамасының жартылай қорғаушысы Джон Джошуа биыл «Қайсар» құрамын толықтырды.

Қазір «Қайсардың» құрамында хорватиялық қорғаушылар Иван Граф пен Марин Оршулич, камерундық қорғаушы Абдель Азиз Ламанж, серб шабуылшысы Братислав Пуношевац, арубалық жартылай қорғаушы Джон Джошуа бар.

«Қайсар» 22 қаңтарда Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны барысында Украинаның «Олимпик» командасымен кездеседі. Одан кейін 24 қаңтарда Әзербайжанның «Сабаил» командасымен шеберлік байқасады.

Соңғы жаңалықтар