Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.29 EUR 426.40
RUB 5.93 CNY 56.58
Jańalyqtar

«Қайсар» командасы жаңа маусымға дайындығын бастады

2019 жылғы 5 қаңтар 16:56 663
Бөлісіңіз:
«Қайсар» командасы жаңа маусымға дайындығын бастады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы Түркияның Анталия қаласында алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
УЕФА Чемпиондар лигасы: «Порту» командасына «Ливерпуль» алынбас қамал болып тұр «Тоттенхэм» Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне өтті

Аталмыш оқу-жаттығу жиыны 4-27 қаңтар аралығында өткізіледі. Оған команда құрамында былтыр ойын көрсеткен бірқатар футболшылар, жергілікті жастар қатысады. Сондай-ақ, өткен жылы еліміздің өзге клубтарының құрамында болған бірқатар футболшылар «Қайсардың» сынағынан өтеді деп жоспарланып отыр. Олардың қатарында «Атыраудан» жартылай қорғаушы Марат Хайруллин, «Жетісудан» Иван Садовничий бар.

Былтыр команда құрамында болған қақпашылар - Александр Григоренко, Марсель Исламқұлов, қорғаушылар Абдель Азиз Ламанж, Иван Граф, Александр Марочкин, Валентин Чуреев, Айбол Жақаев, Ілияс Әмірсейітов, жартылай қорғаушылар - Марк Гурман, Думан Нәрзілдаев, Асхат Тағыберген, Мақсат Байжанов, Валерий Коробкин, шабуылшылар - Братислав Пуношевац, Игорь Зенькович аталмыш оқу-жаттығу жиынына аттанып кетті.

Алғашқы жиында Украинаның «Олимпик» командасымен кездеседі. Одан кейін 24 қаңтарда Әзербайжанның «Сабаил» командасымен шеберлік байқасады.

Бұдан бұрын «Қайсар» командасының бас бапкері Стойчо Младенов биыл да қызметін жалғастыратынын хабарлаған едік. Қызылорданың «Қайсар» командасы 2019 жылы жүлделі орынның біріне ілігу мақсатын көздеп отыр.

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT