Қайсар Абдалиев Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасын басқарады

None
Фото: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облысы әкімінің өкімімен бұл лауазымды Қайсар Абдалиев атқаратын болды. Жаңа басшыны ұжымға облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев таныстырды.

Қайсар Қайратұлы 2012 жылы Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін «Емдеу ісі», 2017 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін ГЮУ университетін «Құқықтану» мамандығымен бітірген.

Денсаулық сақтау министрлігінде 5 жылдан астам қызмет атқарған.

Еңбек жолын 2013 жылы «Ұлттық кардиохирургия орталығы» АҚ стратегиялық жоспарлау және корпоративтік даму бөлімінде бастаған.

2016 жылы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті ана мен бала денсаулығын сақтау басқармасы сарапшысының міндетін атқарушы, 2016-2017 жылдары Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті стационарлық медициналық көмек басқармасының сарапшысы, 2017-2019 жылдары медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті стационарлық және стационарды алмастыратын көмек басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы болған.

Ал, 2019-2020 жылдары Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің амбулаториялық-емханалық және жедел медициналық көмек басқармасының, 2020-2021 жылдары медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті стацилнарлық және стационарды алмастыратын көмек басқармасының басшысы лауазымын атқарған.

2021 жылдан осы тағайындауға дейін Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облыстық денсаулық басқармасының басшысы қызметінен кеткенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар