+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Қайратымды шыңдаған металлург кәсібін таңдағанымды мақтан етемін - Елбасы

2019 жылғы 21 шілде 08:40
Бөлісіңіз:
Қайратымды шыңдаған металлург кәсібін таңдағанымды мақтан етемін - Елбасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев металлургтерді кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Еlbasy.kz. ҚазАқпарат Елбасы құттықтауының толық мәтінін жариялайды.

Ұқсас жаңалықтар
Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады Нұрсұлтан Назарбаев: Сұлтан Сартаев отандық құқықтану саласына елеулі үлес қосты Нұрсұлтан Назарбаев елорданың алғашқы құрылысына атсалысушылармен кездесті

«Құрметті металлургия саласының еңбеккерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлург күнімен құттықтаймын!

Бұл мейрам сіздерге деген құрметтің және ерен еңбектеріңізді мойындаудың символы саналады.

Кезінде маған маңызды өмірлік тәжірибе берген, қайратымды шыңдаған және сенімді достар табуға септігін тигізген металлург кәсібін таңдағанымды мақтан етемін.

Бүгінде еліміздің кәсіпорындарында жоғары білікті мыңдаған металлург – еңбекқор, жауапкершілігі жоғары және мықты азаматтар жұмыс істеуде. Солардың өз ісіне адалдығы мен шеберлігінің арқасында бүкіл еліміздің экономикалық өсімінің берік негізін қалыптастыра алдық.

Қазақстандағы металлургия саласы дамудың инновациялық жолына түсіп, өндірістік ұжымдарымызға болашаққа нық сеніммен қарауға мүмкіндік береді.

Сіздер алдағы уақытта да тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін жаңа кәсіби жетістіктерге ұмтылып, адал еңбек ететіндеріңізге сенемін.

Баршаңызға зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат, туған-туысқандарыңызға бақ-береке тілеймін».


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT