«Қайраттың» құрамына бразилиялықтар қосылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ел чемпионы «Қайрат» футбол клубының құрамы маусымаралық үзілісте 4 бразилиялықпен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазан айының басында «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі раундын бастайды. Маусымаралық үзіліс кезінде алматылық клубқа 7 футзалшы қосылды. Олардың қатарында Бразилияның  4 өкілі - 28 жастағы қорғаушы Диего Алешандре Фаверо, 24 жастағы шабуылдаушы Джон Леннон Фелинто Силва, 26 жастағы қорғаушы Эдсон Гомес Дос Сантос пен 27 жастағы Ранжел Тайан Песс Перейра бар.

Бұдан бөлек, «Қайрат» футбол клубының құрамы «Жетісуда»  ойын көрсеткен 23 жастағы қорғаушы Біржан Оразовпен, 22 жастағы шабуылдаушы Дәурен Тұрсағұловпен және «Тұлпарлық» 23 жастағы Владислав Черномордовпен толықты.

Соңғы жаңалықтар