«Кайраттың» бас бапкері отставкаға кетуі мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Расталмаған мәліметтерге сәйкес, алматылық «Қайраттың» бас бапкері Карлос Алос Феррер орнын босатуы мүмкін, деп хабарлайды Sports.kz.

KazFootball.kz тілшісінің жазуынша,  испаниялық коуч УЕФА Еуропа Лигасының үшінші біліктілік кезеңінде чехиялық «Сигмадан» 1:4 (0:2 қонақта және 1:2 өз алаңында) жеңіліс тапқаннан кейін алматылық клубтың бас бапкері лауазымынан кетуі мүмкін.

Ағымдағы маусымның басында команда басшылығы еурокубоктар мен чемпиондықтың топтық кезеңіне өту міндетін қойған еді. «Сигмадан» жеңіліп қалғаннан кейін қазақстандықтардың еурокубоктардың топтық кезеңіне шығудан үміті үзілді. Дәль қазір «Қайрат» командасы «Астанадан» 3 ұпайға төмен түсіп, турнирлік кестенің екінші орнына орналасты. Карлос Феррер дәл бүгін орнын босатуы мүмкін.

Карлос Алос Феррер өткен жылдың шілде айында «Қайраттың» тізгінін ұстаған болатын. Испандық бапкер алматылық командамен Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанып, 2017 жылғы Қазақстан Кубогын иеленген еді.

Соңғы жаңалықтар