10:06, 19 Қараша 2018 | GMT +6
«Қайраттың» ақтық сындағы қарсыластары белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматылық «Қайраттың» Чемпиондар лигасында «Төрттік финалдағы» қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Ақтық сында команда португалиялық «Спортингпен», испандық «Барселона» және «Интер Мовистармен» ойнайды. «Интер Мовистар» - танымал еурокубоктың қазіргі жеңімпазы.
Еске салайық, бұдан бұрын «Қайрат» Элиталық раундтың үш матчында (италиялық «Пескараны» 4:1 есебімен, беларусьтық «Лидсельмашты» 7:2 және чехиялық «Эра-Пак» командасын 4:2 есебімен) 3 рет жеңіске жетіп, 9 ұпай жинады және «Төрттік финалға» шықты.
Ақтық турнир 2019 жылдың сәуірінде өтеді. Оның қайда болатыны кейінірек хабарланады.