«Қайрат» УЕФА Кубогында «Пескараны» ойсырата жеңді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматылық «Қайрат» командасы УЕФА Кубогының негізгі рауындын 1 топта италиялық «Пескарамен» матчтан бастады, деп жазады Sports.kz.

Кездесу қазақстандықтар үшін оңай болған жоқ. Алғашқы таймда Дуглас Жуниор салған екі гол команда мүшелерінің сенімділігін арттырғанымен, ойын соңында Леандро Куццолино 10 метр қашықтықтан допты қақпаға дәл көздеді. Үзілістен соң «Қайрат» командасының мүшелері 3 гол салды. Бұл жолы Золтан Дрот, Алешандре Мораес және Игита сынды спортшылар ерекшеленді. Есеп - 5:1. Какау командасының өкілдері алда.

Бүгін сағат 21-00-де «Қайрат» командасына қарсы мәскеулік «Динамо» шығады.

«Қайрат» (Алматы, Қазақстан) - «Пескара» (Пескара, Италия) 5:1 (2:1).

Голдар: Дуглас Жуниор 3 (1:0), Дуглас Жуниор 10 (2:0), Куццолино 10-метрлік 20 (2:1), Дрот 26 (3:1), Алешандре Мораес 27 (4:1), Игита 33 (5:1)

Ескертулер: Даниэл Роса 4, Дуглас Жуниор 13, Тайеби 28 - Борруто 12, Роса 29

«Қайрат»: Игита, Тайнан, Сүлейменов, Алешандре Мораес, Дуглас Жуниор - Дуду, Жаманқұлов, Даниэл Роса, Лео, Першин, Дрот, Тайеби, Нұрғожин, Есенаманов

«Пескара»: Капуоццо, Эрколесси, Моргадо, Роса, Куццолино - Пьетранджело, Романо, Фернандао, Капуто, Салас, Рескиа, Борруто, Саад, Аззони

Төрешілер: Хавьер Морено Рейна (Испания), Даниэл Децу (Румыния), Тони Лехтинен (Финляндия) 11 қазан. Минск. ЦСКА спорт сарайы.

Соңғы жаңалықтар