Қайрат Түнтеков «Жаңа толқын» конкурсында төртінші орынды еншіледі

None
None
АЛМАТЫ. Тамыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - Демалыс күні Юрмалада Жас орындаушылардың «Жаңа толқын - 2010» конкурсының қорытындысы жария етілді.

Ән байқауына үкілеп қосқан Қазақстанның үміті - Қайрат Түнтеков жүлдегерлер үштігіне кіре алмай қалды. Қайрат 281 ұпаймен төртінші орынды қанағат тұтты, деп хабарлайды ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары.

Конкурстың жеңімпазы - Арменияның әнші қызы Сона Шахгельдян атанды. Оның жинаған ұпайы - 288 балл. Ал оған бір ғана ұпаймен есе жіберген украиналық әнші Татьяна Ширко екінші орынды жеңіп алды. Үшінші орынға эстондық әнші Уку Севисте көтерілді.

Конкурсқа биыл 12 елден 17 жас орындаушы қатысты. Танымал композиторлар Игорь Крутой мен Раймонд Паулс ұйымдастырған «Жаңа толқын» конкурсы осымен тоғызыншы рет өткізіліп отыр.

Соңғы жаңалықтар