Қайрат Түнтеков I'm a singer Kazakhstan жобасында жеңімпаз атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат- Әнші Қайрат Түнтеков I'm a singer Kazakhstan жобасының жеңімпазы атанды. Бұл туралы продюсер Алуа Қонарова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«I'm a singer Kazakhstan мега шоуының жеңімпазы Қайрат Түнтеков болды. Екінші орынды - #DollarWong, ал үшінші орынды - #ЖанғалиАбишев алды», - деп жазады продюсер.

Еске салсақ, 31 арна әлемге танымал I'm a Singer талант-шоуының қазақстандық нұсқасын жасаған еді.  Тағы бір айта кететін жайт, I'm a Singer жобасының қытайлық нұсқасында қазақстандық әнші Димаш Құдайберген топ жарып, әлемге танылған болатын. 

Соңғы жаңалықтар