Қайрат Сатыбалдыұлының ісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да тұлғаларға қатысты «Қазақтелеком» АҚ мен «Көліктік сервис орталығы» АҚ қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс бойынша күдіктілердің бесеуі өтіп жатыр, олардың біреуі қамауда, екеуі - үй қамақта.

Тергеу барысында заңсыз сатып алынған активтер мен айыпталушылардың жалпы сомасы 240 миллиард теңгеден астам немесе 500 миллион АҚШ долларынан астам ақшалай қаражаты мемлекетке қайтарылды.

Сатыбалдыұлына қатысты салық пен кедендік төлемдерді төлеуден жалтару, қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша қылмыстық істер қосымша тергелуде.

Айыпталушылардың басқа да заңсыз активтерін іздеу белсенді түрде жалғасуда.

Елде және шетелде қосымша жылжымайтын мүлік, автомобильдер және жалпы сомасы 400 миллиард теңгеден астам немесе 900 миллион АҚШ долларынан астам ақшалай қаражат жақын арада мемлекетке қайтарылатын болады.




Ашық көздерден алынған фото


Соңғы жаңалықтар