Қайрат Сатыбалдыұлымен бірге оның бұрынғы әйелі де күдікке ілініп, қамалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қайрат Сатыбалдыұлымен бірге оның бұрынғы жұбайы да күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, агенттік Қайрат Сатыбалдыұлына, оның бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

16 наурызда Г.Сатыбалды ҚР ҚПК 128-бабы бойынша ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды» делінген мәліметте.

Еске сала кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану және «Қазақтелеком» АҚ қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, екі айға қамалды.


Соңғы жаңалықтар