Қайрат Сатыбалдыұлы 2 ай мерзімге қамалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда соты күдікті Қайрат Сатыбалдыұлын қамауда ұстауға қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылғы 15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.Сатыбалдыұлына қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - делінген таратылған мәліметте.

Сонымен қатар, қылмыстық процестік кодекстің 201 бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректерін жария етуге жол берілмейтіні айтылған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және «Қазақтелеком» АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуде.

Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Соңғы жаңалықтар