Қайрат Сатыбалдының қаңтар оқиғасына қатысы болуы мүмкіндігіне сот түсінік берді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана қаласының соты Қайрат Сатыбалдының қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдыруға қатысы бар деген айыпқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары Қайрат Сатыбалдының қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы болуы мүмкін екендігін айтқан болатын. Тергеу бұған қатысты айыптауды ұсынған жоқ», - делінген сот мәліметінде.

Айта кетсек, бүгін Қайрат Сатыбалдыны 6 жылға бас бостандығынан айыру туралы сот үкімі шықты.

«Жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, ҚР Ұлттық банкінде және оның ведомстволарында, мемлекеттік және мемлекеттің үлесін құрайтын ұйымдарда лауазымға орналасу құқығынан айыра отырып, оған 6 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын», - деген еді судья.

Сондай-ақ сот үкіміне сәйкес Қайрат Сатыбалды әскери шенінен айырылып, мемлекеттік ордендерді қайтаруға міндеттелді.

Одан бөлек, судья сотталушыға қандай айыптардың тағылғанын түсіндірді.


Соңғы жаңалықтар