Қайрат Сатыбалдыға қатысты іс: Басқа да эпизодтар тергеліп жатыр

None
Ашық көздерден алынған фото
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қайрат Сатыбалдыға қатысты ісі бойынша басқа да эпизодтар тергеліп жатыр. Бұл ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Басты іс бойынша тергеу амалдары аяқталып, шешім шығарылды. Енді, ары қарай тиісті жұмыстар жүргізіледі», - деді Ұ. Сарқұлов Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жацап бере отырып.

Сонымен қатар тілшілер «Қайрат Сатыбалдыға қатысты үкімде қамтылған деректерден бөлек, қазір басқа эпизодтар тергеліп жатыр ма» деген сұрақ қойды.

Өз кезегінде Ұ. Сарқұлов басқа деректер тергеліп жатқанын нақтылады.

Оның айтуынша, барлық істер бойынша активтерді қайтару бойынша жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Қылмыстық істер прокуратура бақылауында тұр.

«Тергеу құпиялығын сақтау мәселесі бар екенін түсіну керек. Егер барлық деректерді ашық жарияласақ, онда бұл әрекет тергеуге кедергі келтіруі мүмкін», - деді агенттік төрағасының орынбасары.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл қыркүйек айында Қайрат Сатыбалды 6 жылға сотталды.

Сонымен қатар, Бас прокуратура оған қатысты басқа істер қаралып жатқанын мәлімдеген еді.

Қ. Сатыбалды шетелдік бағалы қағаздарға 300 миллион АҚШ долларын салу фактісі анықталды.


Соңғы жаңалықтар