Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевты тұтқында ұстау мерзімі ұзартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевты тұтқында ұстау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 12 мамыр күні күдікті Қайрат Сатыбалдыға қатысты тұтқында ұстау түрінде санкцияланған бұлтартпау іс-шарасының мерзімін тағы 1 ай мерзімге ұзартты.

Сондай-ақ дәл осы тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа да қатысты тұтқында ұстау түрінде санкцияланған бұлтартпау іс-шарасының мерзімін тағы 1 ай мерзімге ұзартылғанын жария етті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және «Қазақтелеком» АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуде.

Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қаржылық мониторинг агенттігі квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Күдікке ілінген Қ.Боранбаев уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.



Соңғы жаңалықтар