«Қайрат» Санкт-Петербургте «Зенитпен» алаңға шығады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 қыркүйек күні «Зенит» - «Қайрат» командалары жолдастық матч өткізеді. Бұл жөнінде Ресей премьер лигасының 6-шы кезеңінде «Зенит» пен «Спартак» арасында болған кездесудің соңында «Санкт-Петербург» стадионының дикторы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM»-ға сілтеме жасап.

Матч көрсетілімін Матч ТВ және «Qazsport» телеарналарынан тамашалауға болады. Кездесудің басталатын уақыты әзірге белгісіз.

Айта кету керек, қазақстандық клубтың құрамында питерлік «Зениттің» экс-футболшысы Андрей Аршавин ойнайтын болады.

Еске салайық, питерліктер 6 кезеңнің нәтижесі бойынша РПЛ-да көш бастап келеді. Ал «қайраттықтар» Қазақстан чемпионатында екінші орынға табан тіреп отыр.

Аталмыш клубтар соңғы рет КСРО-ның бірінші лигасында өзара ойын көрсеткен. Кеңес одағы кезінде алматылықтар «Зенитпен» 57 матч өткізген.

Соңғы жаңалықтар