«Қайрат» пен «Аяттың» футзалдан чемпиондар лигасындағы қарсыластары анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қайрат» пен «Аяттың» футзалдан 2022-2023 жылғы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жеребеге сәйкес алматылық «Қайрат» 1-топқа түсті. Онда қазақстандық клуб испаниялық «Мальорка», франциялық «Спортинг Париж» және бельгиялық «Андерлехт» командаларымен шеберлік байқасады.

Рудныйлық «Аят» 2-топта португалиялық «Спортинг», хорватиялықтар «Ново Време» және «Пула» командаларымен сынға түседі.

Негізгі кезең матчтары 25-30 қазан аралығында өтеді. Элиталық кезеңге әр топтан үздік үш команда қатысады. Элиталық кезең кездесулері 22-27 қарашаға жоспарланған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионаты негізгі сатысының жеребесі тартылғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар