«Қайрат» пен «Астана» матчы төбелеспен аяқталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Орталық стадионда болған «Қайрат» пен «Астана» клубтарының суперкубок матчынан соң жанкүйерлер арасында төбелес басталған. Бұл ақпаратты қалалық Полиция департаменті растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Видео Instagram желісіндегі пабликтердің бірінде шықты. Бейнекадрда жігіттер өзара төбелесіп, былапыт сөз айтып жатқаны түсіп қалған.

Оларды полиция қызметкерлері ажыратты.

«Футбол матчын полиция қызметкерлері бақылап жүрген. Сол сәтте Орталық стадионда жастар арасында өзара дау-жанжал пайда болған. Полиция оларды ажыратып, Бостандық аудандық Полиция басқармасына жеткізді. Кейін жастармен қоғамдық тәртіпті бұзбау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді», - деді Департаменттің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Айта кету керек, кеше Алматыда Орталық стадионда «Қайрат» пен «Астана» футбол клубтары Суперкубок үшін кездескен болатын.

Ойында «Астана» командасы 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Мұның алдында да «Қайрат» командасының жанкүйерлері қонақтармен төбелескен болатын.

Бұған дейін қайраттықтар «Ақтөбе» жанкүйерлерімен жаға жыртысқан еді.

Соңғы жаңалықтар