«Қайрат» өз еркімен клубтан кеткен ойыншыға қатысты пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қайрат» ФК Акмаль Бахтияровтың командадан өз еркімен кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Осы жылы маусым айының соңында «Қайрат А» командасының ойыншысы Акмаль Бахтияров клубпен келісімде бола отырып, белгісіз агенттің үгіттеуімен клубтан өз еркімен кетті. Мұндай әрекеттердің ойыншының мансабына кері әсер ететінін, тіпті оның мансабын аяқтауы мүмкін екенін түсіне отырып, «Қайрат» ФК оны қайтару үшін барлық мүмкіндіктерді жасады. Оған қоса, Акмальді ойынан айниды деп үміттеніп, оқиға туралы барлық ақпараттарды жоққа шығарды. Алайда, агенттің уәдесі оған маңызды болды.

Клуб өзінің заңды құқықтарын қорғау мақсатында дауды шешу үшін Палатаға жүгінуге мәжбүр болды. 24 шілдеде Палата ойыншыны спорттан шеттету туралы шешім шығарып, оған айыппұл салды.

«Қайрат» ФК тәрбиеленушіге қатысты болған жағдайға өкінеді, алайда алдағы уақытта да өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін заңнамамен қарастырылған барлық шараларды қолдануды жалғастырады», - делінген хабарламада.

 

Соңғы жаңалықтар