«Қайрат» ойыншысы соққан гол Чемпиондар Лигасының үздік төрттігіне кірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – УЕФА-ның ресми сайты Футзалдан Чемпиондар Лигасының финалдық кезеңінің үздік төрт голының тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның қатарына алматылық «Қайраттың» ойыншысы Диего Фавероның испаниялық «Барселонаға» қарсы жартылай финалдық матчта (2:3) 25 минутында соққан голы кірді.

Жанкүйерлердің дауыс беруі нәтижесінде финалдық кезеңнің үздің голы атағын «Спортинг» ойыншысы Пани Варела алды.

Үздік төрт гол:

1. Пани Варела («Спортинг») «Интераға» қарсы: жартылай финал

2. Феррао («Барса») «Добовецке» қарсы: ширек финал

3. Янар Асадов (КПРФ) «Спортингке» қарсы: ширек финал

4. Диего Фаверо («Қайрат») «Барсаға» қарсы: жартылай финал.

Еске сала кетейік, футзалдан Чемпиондар Лигасының жартылай финалдық ойынында алматылық «Қайрат» «Барселонадан» жеңіліп қалды.


Соңғы жаңалықтар